«ЯРКОкросс» марафонына 12 мың алматылық қатыспақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ЯРКОкросс» марафонына 12 мың алматылық қатысуға өтініш білдірді. Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан әлеуметтік-қайырымдылық шара туралы ұйымдастырушылар хабарлады.
None
None

«ЯРКОкросс Қазақстанда 2013 жылдан бері өтіп келеді. Бұл қайырымдылық пен спортқа деген сүйіспеншілік тоғысқан шара. «Түрлі-түсті марафон» әлемнің 50 елінде өтеді. Биылғы жүгіруге Алматы, Астана, Шымкент қалаларының тұрғындары қатысады. Қатысушылардың саны рекордты көрсеткішке жетті», - деді «Posadiderevo.kz» қоғамдық ұйымының өкілі Дәурен Жолдасбаев.

Ұйымдастырушылардың бірі Александра Комлева жүгіруге 180 бала қатысуға өтініш білдіргендігін жеткізді.

«Қатысушылардың жас ерекшелігіне қатысты шектеу жоқ. Былтыр 9 айлық нәресте қатысқан. 7 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен қатысады. 7 жастан жоғары балаларға еріктілер көмектеседі», - деді А.Комлева.

Жүгіру маршруты ҚР Тұңғыш Президенті паркінде 5 станса арқылы өтеді. Еріктілер өз кезегінде қатысушыларды түрлі-түсті бояу ұнтақтарымен шомылдырмақ. Бояу-ұнтағының негізгі құрамы крахмал болғандықтан, экологиялық таза өнім болып табылады. Биылғы кроссқа 8 тонна бояу дайындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіркеу уақыты бүгін кешке дейін жалғасады. Тіркелу құны - 2 мың теңге. Жиналған қаржы Алматының жасыл желек қорын молайтуға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар