«Ява»: Атырауда 1000 келі тротилдың жарылысына төтеп беретін ерекше қондырғы бар

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында бұрынғы «Азғыр» ядролық полигоны аумағында «Ява» қондырғысы орналасқан. 

қондырғысы
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Kazinform жолдаған ресми сауалға берген жауабындағы мәліметке сай, «Ява» қондырғысы қуаты 1000 келі тротилдің жарылысына пара-пар жарылыстарды зерттеу мақсатында өткен ғасырдың 70-жылдары салынған.

қондырғысы
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Бейресми деректерге қарағанда, кеңес дәуірінде мұнда жарылыс әдісі арқылы алмаз ұнтағын алу тәжірибелері жүргізілген.


– Аталған қондырғы ядролық нысан болып табылмайды, құрамында бөлінетін материалдар жоқ және радиоактивті емес, – делінген агенттік ұсынған мәліметте.

қондырғысы
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Қондырғының негізгі бөлігі – диаметрі шамамен 24 метр және тереңдігі 24 метр болатын цилиндр тәрізді болат бассейн. Оның ішінде диаметрі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 10 сантиметр және салмағы 450 тоннадан асатын болат шар орналасқан. Бұл шар жоғары ішкі қысымға төтеп бере алады.

Қазақстандағы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің айтуынша, бұл құрылғыдан қоршаған ортаға қауіп жоқ.

– «Ява» қондырғысы құрылғаннан кейін пайдаланылмаған. Қондырғы мен оған іргелес аумақтағы радиациялық-экологиялық жағдай белгіленген санитарлық нормалар мен өңірдің табиғи фондық деңгейіне толық сәйкес келеді, – деді Саябек Сахиев.

қондырғысы
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта қондырғы жұмыс істемейтінін және Ядролық физика институтының қорғауында екенін айтты.

Объектінің және оған іргелес аумақтың жағдайын институт мамандары радиациялық-экологиялық мониторинг шеңберінде тұрақты түрде тексеріп отырады, - деді ол.

қондырғысы
Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Бұған дейін бұрынғы Азғыр ядролық сынақ полигоны аумағындағы экологиялық және радиациялық жағдай туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар