08:16, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Йемендегі Ресей консулдығының ғимаратына оқ жауды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының жетекшілігімен Йемендегі көтерісшілерге қарсы құрылған коалиция күштерінің әскери-іс қимылы кезінде Адендегі Ресей консулдығы ғимаратына оқ жауды, деп хабарлады ВВС.

«РИА Новости-дің» хабарлауынша, атқылаған оқтан консулдық ғимаратының бүтін терезесі қалмаған. Ал ресейлік дипломаттар қазіргі уақытта Бас консулдықты қауіпсіз жерге көшіру қамына кіріскен.
Жергілікті БАҚ көтерілісші-хуситтердің танкілері қала ортасында екенін хабарлады.
Еске сала кетейік, Сауд Арабиясы және Парсы шығанағының өзге де елдері қарулы күштерінен құрылған коалиция Йемен заңды президенті Мансур Хадидің билігін сақтап қалу үшін көтерілісші-хусидтерге қарсы «Шешімді дауыл» операциясын жүзеге асырып жатқанына бір апта болды.