Йемен хуситтері Израильдің мұнай қоймасы мен портына жасаған соққысына жауап ретінде Эйлатқа оқ жаудырды

АСТАНА. KAZINFORM— Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғанысы жексенбі күні Йеменнен атылған зымыранның жолын кесті, деп жазады ВВС.

Йеменские хуситы обстреляли Эйлат в отместку за израильский удар по нефтехранилищу и порту
Фото: Бейнежазбадан алынған кадр

Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал Йемендегі хусит көтерілісшілері Израильдің Қызыл теңіз жағалауындағы Эйлат курортына бірнеше зымыран шабуылын жасағанын мәлімдеді.

Бір күн бұрын Израиль хусит қозғалысының бақылауындағы Йемен портына әуе шабуылын жасады.

Израиль премьер-министрі әуе шабуылдарын алдыңғы шабуылға жауап деп атады.

Израиль әскерилері өзінің Arrow 3 қорғаныс жүйесі зымыранды Израиль әуе кеңістігіне кірмес бұрын атып түсіргенін айтты. Оған дейін Эйлатта әуе дабылы естіліп, тұрғындарды жасырынуға мәжбүр етті.

Соңғы жаңалықтар