Йеменнен Қазақстан азаматшасы Оксана Золотун екі баласымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 сәуір күні Ресей ТЖМ-нің арнайы ұшағымен Йеменнен іштерінде Қазақстан азаматшасы, 1981 жылғы Оксана Золотун мен сондай-ақ оның Қазақстан азаматтары болып табылатын екі баласы болған 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Мәскеуде біздің азаматшамызды балаларымен бірге ҚР-дің Ресей Федерациясындағы елшілігі қызмектерлері күтіп алды. Оларға уақытша пана беріліп, кеңес-құқықтық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.