Ықпалдастық аясында әрбір мемлекет экономикалық мүдделерін жоғары деңгейде қорғауы керек - Г. Қарағұсова

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ықпалдастық аясында әрбір мемлекет өзінің экономикалық мүдделерін ең жоғары деңгейде қорғауы керек. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Гүлжан Қарағұсова осылай мәлімдеді.
None
None

«Мен қашанда Кедендік одақ жағында болып келдім. Өйткені, бүкіл әлем интеграциялық үдерістер «құшағында» тұр, ешбір мемлекет одан тысқары қала алмайды. Ал мұндағы басты мәселе ықпалдастықты кіммен, қай бағытта өрбіту керек дегенге саяды. Ал біздің жағдайымызда, интеграция бір-бірімізбен белгілі бір деңгейде байланысты болуға тиісті мемлекеттер арасында таңдалынып отыр. Біз тіпті әлі күнге дейін белгілі-бір өндірістік, технологиялық үдерістер бойынша және сауда-саттықта да өзара тығыз байланыстымыз. Біздің мемлекеттер аралық қатынас тіліміз де ортақ, менталитетіміз де ұқсас», - деді депутат Г. Қарағұсова.

Оның айтуынша, бұндай мәселелер интеграцияны барынша тиімді ете түседі. «Әлбетте, ықпалдастық аясында әрбір мемлекет өзінің экономикалық мүдделерін ең жоғары деңгейде қорғауы керек. Мұны Елбасы бірнеше мәрте қайталап айтып та жүр. Сондықтан да, Елбасы ішкі келіссөздер үдерісінде өз мүдделеріміз бойынша жеткілікті деңгейде қатаң табандап тұра алмай жүргенімізді де айтқан болатын», - деді депутат Г. Қарағұсова.

Соңғы жаңалықтар