«Ынтымақ» шекара бекеті бастығының м.а. қатысты адам өліміне алып келген қаруды қолдану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - «Ынтымақ» шекара қосыны бастығының міндетін атқарушыға қатысты адам өліміне алып келген қаруды пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

2012 жылдың 24 маусымында Сарыағаш ауданының Көктерек елді мекенінде азамат Стамбеков есімдері анықталмаған тұлғалармен бірге қаруды қолдана отырып, 2020 әскери бөлімінің «Ынтымақ» шекара қосыны бастығының міндетін уақытша атқарушы, лейтенант Р.Тоймаханбетке дене жарақаттарын салды.

Билік өкілінің өміріне қауіп төнуіне байланысты, шекара бекеті бойынша кезекші, ефрейтор Қасенов қаруды сақтау бөлмесін ашып, қосын бастығының атына тіркелген автомат қаруын Р.Тоймаханбетке берді. Р.Тоймаханбет құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында 10 рет оқ атты, соның 8-і аспанға және екеуі шабуылшылар келген көлікке бағытталды.

Қару қолданғаннан кейін, шабуылшылар оқиған орнынан ізін суытты. Онымен қоса, оқиғаны бақылап тұрған азамат Қайықбаевқа оқ тиіп, кейіннен ол Сарыағаш орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

2012 жылдың 25 маусымында Р.Тоймаханбетке дене жарақаттарын тигізу фактісімен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімімен Қылмыстық кодекстің 104-бабы, 2-бөлімінің «д» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сол күні Сарыағаш әскери-тергеу бөлімі адам өліміне әкеліп соқтырған қаруды қолдану ережелерін бұзу фактісі бойынша Р.Тоймаханбетке қатысты ҚК-тің 390-бабы, 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі қозғады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар