Йоханнес Клебо қысқы Олимпиадада 46 жыл сақталған рекордты жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM – Норвегиялық шаңғы спортының шебері Йоханнес Клебо 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алты мәрте чемпион атағын жеңіп алды. 

Йоханнес Клебо қысқы Олимпиадада 46 жыл сақталған рекордты жаңартты
Фото: Championat.com

Тәжірибелі спортшы биыл дүбірлі додада классикада жеке спринт, эстафета, командалық спринт, жеке спринт, 15 шақырымға классикалық әдіс, классикалық командалық спринтте алдына жан салған жоқ. Осылайша Йоханнес Клебо 11 дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

1996 жылдың 22 қазанында дүниеге келген ол мұндай мүмкіндіктерге 2018, 2022, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада қол жеткізді.

Клебо 2026 жылғы қысқы Олимпиадада өзі қатысқан барлық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ әлем чемпионатында 2017 жылдан бері 15 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, екі мәрте екінші, бір мәрте үшінші мәре сызығын қиды.

Норвегиялық шаңғышы бір Олимпиадада алтын медаль алу жөнінен АҚШ-тың коньки спортының шебері Эрик Хайденді артқа қалдырып кетті. Ол 1980 жылы Лейк-Плэсидте өткен айтулы аламанда бес мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды.

Йоханнес Клебо осылайша 46 жыл бойы сақталған рекордты жаңартты.

Айта кетсек, осындай жоғары нәтижесінің арқасында ол алтын медаль саны жөнінен отандастары Уле Эйнар Бьорндален, Марит Бьорген және биатлоншы Оле Эйнар Бьорндаленді артта қалдырып кетті.

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қысқы Олимпиадада еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды. Нәтижесінда қазір қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 1 алтын медальмен 19-орынға тұрақтап тұр.

Еліміз биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

Бұған дейін Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада спортшылар саны жөнінен 24-орынға тұрақтағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум