YouTube жұлдызы өз-өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ-та YouTube -тегі әзіл-сықақ видеосының жұлдызы, небәрі 33 жастағы Стиви Райан ажал құшты.

YouTube жұлдызы өз-өзіне қол салды

Ол Лос-Анджелестегі өзінің үйінде 1 шілдеде көз жұмған.  Аймақтың құқық қорғау органдарының өкілдері оның өз-өзіне қол салғандығын мәлім етті.

Қыздың мұндай қадамға баруына  ұзаққа созылған депрессия әсер етуі мүмкін. Twitter-дегі оның жазбаларына қарағанда, жақында Райанның сүйікті атасы қайтыс болған. 

Әзіл-сықақ актрисасы YouTube-тегі VH1 арнасы командасының бетке ұстары еді. Онда өзінің жеке шоуын жүргізіп, Джастин Бибер, Ким Кардашьян және басқа да атақты жұлдыздардың рөлінде ойнады.