«Ыстамбұл-Атырау» бағытымен ұшып келген әуе рейсінен тауар жолдау құжатынсыз бір жүк сөмкесі анықталды
уақытша сақтау қоймасына салынған, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеріс жүргізу барысында, жүк сөмкесінің иесі ҚР азаматы 1970 жылы туған, Атырау қаласында тұратын М.Ұ. екені анықталды. Осы аталған жүкке кедендік қарау жүргізу барысында, жолаушылар жүк кедендік декларациясын толтырмай 15 дана әйел ішігі (дубленка) әкелінгендігі анықталды.
ҚР ӘМ ССО Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптама зерттеуханасының қорытындысына сәйкес, қара түсті, сырмалы, әйел ішігінің (дубленка) орташа нарықтық құны - 1.950.000 теңгені құрады, яғни 1000 АЕК-тен асты.
Аталған факті бойынша, . ҚР ҚК-нің 209-бабының 1-бөлімімен азаматша М.Ұ. айыпталып, сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен тергеліп, 10.11.2011 жылы қылмыстық іс қозғалып, Атырау көлік прокуратурасына сотқа жолдауға жіберілді.