Ыстамбұлда «Түркия-әлемдік сауда көпірі 2010» атты халықаралық бизнес форум басталды

None
None
СТАМБҰЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Ыстамбұлда «Түркия-әлемдік сауда көпірі 2010» атты халықаралық бизнес форум басталды.

Ыстамбұлда 6 күнге созылатын Түркияның кәсіпкерлері мен өнеркәсіп иелері конфедерациясының (TUSKON) ұйымдастыруымен «Түркия-әлемдік сауда көпірі 2010» атты халықаралық бизнес форум өтуде.

Аталған форумға 135 өлкеден 2300 кәсіпкерлер келсе, Түркияның өзінен 2200 кәсіпкерлері қатысатын болады.

Бұл шара барысында Түркия және шетел кәсіпкерлерінің арасында 100 000-ға жуық екіжақты келіссөздер жүргізіліп, халықаралық экономикалық, сауда-саттық қатынастарды күшейтіп, одан әрі дамыту көзделіп отыр.

Аталмыш форум дүниежүзі бойынша кәсіпкерлердің бір-біріне лайықты серіктестік таңдаудағы ауқымды бизнес саммиттің бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар