07:55, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
Ыстанбұл әуежайында жарылыс қаупіне байланысты жолаушылар эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұл Turkish Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының жолаушылары мен экипажы жарылыс қаупіне байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Associated Press.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, ұшақ ыстанбұлдық Ататүрік әуежайынан Торонтоға аттануы тиіс болған. Ұшақты сүйреу кезінде экипаж мүшелері лайнер әжетханасының бірінен «Торонтоға жолдағы бомба», деген жазбаны тауып алды.
Ұшақ тексерілді. Ешқандай күдікті зат табылған жоқ.
Жолаушыларды Ыстанбұлдан Торонтоға жеткізу үшін басқа ұшақ қарастырылды.