10:50, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Ыстықкөлде қызды құтқарғанымен өзі мерт болған Памир Исаевтың мүрдесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөлде осыдан бір апта бұрын суға батып бара жатқан қызды құтқарғанымен өзі ажал құшқан Памир Исаевтың мәйіті табылды.

Бұл туралы КирТАГ бүгін ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«26 тамызда сағат 16:00-де Чок-Тал ауылында жергілікті тұрғындар Ыстықкөлге батып кеткен Памир Исаевтың мүрдесін судан алып шықты», - деп мәлім етті министрліктен.
Еске салсақ, Ыстықкөл ауданы Григорьевка ауылында 17 тамызда сағат 17:00 шамасында Бішкек тұрғыны Памир Исаев суға батып бара жатқан қызды құтқарған. Ал өзі жүзіп шыға алмай, батып кеткен. Сүңгуірлер оның мүрдесін іздеп таба алмаған болатын.