11:11, 26 Қаңтар 2025 | GMT +5
Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM — Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Бұ туралы ҰОК хабарлады.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Бұған дейін Юлия Галышеваның АҚШ-тағы әлем кубогының суперфиналына шыққанын хабарлаған едік.