Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде үздік 50 теннисшінің қатарына кірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 23-тен 25-орынға төмендеді.
Есесіне Юлия Путинцева 51-ден 47-ге жоғарылап, үздік елу теннисшінің қатарына кірді.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 10-нан 14-ке сырғыды. Жібек Құламбаева 233-тен 230-ға көтерілді.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде 36-сатыда қалды. Тимофей Скатов та 144-орнын сақтаса, Михаил Кукушкин 195-тен 196-ға түсті.
Бүгін Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина италиялық Элизабета Коччареттомен кездеседі. Ол әлемдік рейтингіде 67-ден бірден 48-орынға шықты.
Ю.Путинцева ертең әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстмен шеберлік байқасады.
А.Бублик 17 қаңтарда рейтингіде өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында қазақстандықтардан бірінші болып Елена Рыбакинаның кортқа шығатынын жазған едік.
Фото: ktf.kz