Юлия Путинцева Будапешт турнирінің ширек финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 125-орында тұрған бразилиялық Лаура Пегоссимен кездесті.

Бірінші партияда Юлия 3:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есе жіберіп қойды - 4:6.

Содан кейін ойын тізгінін өз қолына алды - 6:1, 6:2.

Екі сағат 16 минутқа созылған кездесуде Путинцева 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 97-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен таласады. Ол аса тартысты матчта ресейлік Камилла Рахимовадан басым түсті - 6:7 (1:7), 6:4, 7:5.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар