Юлия Путинцева Гамбург турнирінде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ktf.kz

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 184-орында тұрған франциялық Эльза Жакемомен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 225 480 еуроға бағаланған дода 29 шілдеде мәресіне жетеді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге осы турнирде бірінші айналымда италиялық Нурия Бранкаччио – грекиялық Деспина Папамихаилмен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов теннистен әлемнің 45-ракеткасы атанды.


Соңғы жаңалықтар