Юлия Путинцева Палермо турнирін сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева Палермо (Италия) WTA 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 147-орында тұрған аустралиялық Джейми Форлиспен өткізді.

Юлия қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен оңай ұтты.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 86-ракеткасы, франциялық Диан Парри немесе рейтингте 98-сатыдағы амеоикалық Лорен Дэвистің біреуімен таласады.

Өткен жылы бұл додада америкалық Даниэль Коллинз чемпион атанған еді.

Жарыс 24 шілде күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ярослава Шведованың командалық жарыста рейтингтің шешуші рөл атқармайтыны туралы айтқанын, қазақстандық теннисшілердің Президент кубогының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар