Юлия Путинцева Рабат жарысының жартылай финалына өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Юлия Путинцева Рабат жарысының жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған аргентиналық, 20 жастағы Юлия Риерамен кортқа шықты.

Спортшылар кездесуді брейк алмасумен бастады. Есеп 5:5 болған мезетте Путинцева тағы бір брейкке қол жеткізіп, өз геймін де алды – 7:5.

Есесіне екінші партияда Ю.Риера сәттірек ойнап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдаланбағанымен, тағы бір брейк жасап кетті – 6:4.

Үшінші, шешуші сетті аргентиналық теннисші брейкпен бастады – 2:0. Матчты да брейкпен тәмамдады – 6:2.

Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 10 брейк-пойнттың тең жартысын ғана пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 7 брейкпен (19 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Риера финалға шығу үшін рейтингте 74-сатыдағы аустриялық Джулия Грабермен таласады. Ол жарыстың бірініш, әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанды жолдан тайдырды. Есеп 3:6 болып, бірінші партия біткеннен кейін италиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рабат турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

Ролан Гаррос турнирінде Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына өтті.