Юлия Путинцева Римде негізгі турнирге жолдама алды

Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, хорватиялық Ана Конюхпен күш сынасты.
Бірінші партияда А.Конюх басымдылық танытты – 6:4.
Есесіне бұдан кейін Ю.Путинцева ойын тізгінін қолына алды – 6:2, 6:2.
Екі сағатқа созылған тартысты матч барысында Юлия 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Ю.Путинцева негізгі турнирге жолдама алды.
Жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Рим жарысына Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Ыстанбұл турнирінің жеңімпазы атанғанын, Шымкент челленджер жарысында қазақстандықтардың қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Юлия Путинцева Рим турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық жас теннисші Душанбедегі турнирдің абсолютті чемпионы атанды.