22:23, 12 Шілде 2023 | GMT +5
Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Бастад (Швеция) турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 56-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 125-орында тұрған америкалық Кэти Волынецпен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірде-бір гейм бермеді - 6:0.
Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 3 брейкпен көзге түсті.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 118-ракеткасы, испаниялық Алена Большова немесе рейтингте 858-сатыдағы словениялық Полона Херцохтың біреуімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда ширек финалда жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.