Юлия Путинцева Жапонияда Осака жарысын жеңіспен бастады

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемдік рейтингте 83-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен өткізді.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия ширек финалға шығу үшін тағы бір ресейлік, рейтингте 171-сатыдағы Валерия Савиныхпен таласады. Ол әлемнің 94-ракеткасы, германиялық Анна-Лена Фридзамды жолдан тайдырды – 6:4, 1:6, 6:3.
Жүлде қоры 259 мың АҚШ долларынан асатын Осака жарысы 17 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Үлкен дулыға» турнирінде Новак Джоковичтің 24-ші мәрте чемпион атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қанша табыс тапқаны белгілі болды.
Қазақстандық жас теннисшілер Алматыда өткен турнирде үздік шықты.