Юлия Путинцева Хобарт жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform.

юлия путинцева
Фото: ktf.kz

Іріктеу жарысының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Путинцева 6:2 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте де сенімді ойнап, есепті 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен тәмамдады — 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде Юлия 9 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 брейкпен көзге түсті.

Юлия Путинцева іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 115-орындағы аустралиялық Кимберли Биррелмен шеберлік байқасады.

Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Қазақстанның Аргентинаға қарсы ойнайтын құрамы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Соңғы жаңалықтар