Юлия Путинцева Хобартта негізгі турнирге жолдама алды

юлия путинцева
Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған аустралиялық Кимберли Биррелмен кездесті.

Бірінші партияда Ю.Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Екінші сетте де ол 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ есеп 5:3 болып, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады.

Дегенмен кездесуді брейкпен бітірді — 6:4.

Сағат жарымға созылған бәсеке барысында Юлия 12 брейк-пойнттың жетеуін мүлт жіберген жоқ.

Қарсыласы 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша негізгі жарысқа өткен Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Брисбен турнирінің финалында Арина Соболенкомен ойнайтынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram