Юлия Путинцева Римде АҚШ чемпионын тізе бүктірді

РИМ. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты.

Юлия екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:2. 

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Стивенс мақтанарлық ештеңе көрсетпеді – 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингіде 77-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның қай жеңгенімен таласады. 

Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазіргі кезде 37-орынға көтеріліп тұр. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымында рейтингіде 161-орындағы румыниялық Ирина Бегумен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Словакциядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева Анталия турнирінің ширек финалына өтті.
 

Соңғы жаңалықтар