22:36, 31 Қаңтар 2024 | GMT +5
Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасты.
Екі партия да тартысты өтіп, 7:6 (7:0), 7:6 (7:1) есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Юлия Путинцева жартылай финалға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Монпелье турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.