ЮНЕСКО тізіміне енген «Таңбалы» қорығының құрылғанына 10 жыл толды

Алматыдан 170 шақырым жердегі Таңбалы шатқалындағы бұл қорық-музей 2003 жылы ҚР Үкіметінің №1052 қаулысымен құрылып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген болатын. Ол 900 гектарды алып жатқан Таңбалы археологиялық ландшафтына кіреді, осы аумақтағы 2900 гектар жерді Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштер алып жатыр.
«Қазір осында келетін саяхатшылардың саны 6-7 мың адамды құрап отыр. Ал жол жөнделіп, қажетті инфрақұрылымдық нысандар салынған кезде олардың саны бұдан әлдекқайда көбейетін болады. Қазір «Таңбалыға» келетін автомобиль жолын жөндеуді Алматы облыстық жол жөндеу басқармасы 2015 жылдың жоспарына енгізіп отыр. Сондай-ақ, мұражай, кітапхана және басқа да кешенді қызметтерді ұсынуға мүмкіндік жасайтын жоба да қолдауға ие болды», - дейді «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлікбай Әлімқұлов. Оның айтуынша, келесі жылы қорық-музейдің жартастағы сурет өнері бойынша Орталық Азияда бірінші боп ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіргеніне 10 жыл толады. Осыған орай мұнда түрлі іс-шаралар өтіп, оны жұртшылыққа насихаттау жұмыстарының ауқымды жоспары жасалуда.