ЮНЕСКО Универсиада-2017 қарсаңында допингке қарсы бірқатар шаралар өткізеді

ЮНЕСКО кластерлік бюросы 28-ші қысқы Универсиада ойындары барысында допингке қарсы күреске арналған жоба ұсынды.
Соның аясында негізгі шаралардың бірі ретінде, жарысқа келген спортшылардың допинг қолдануы мәселесімен күрес бойынша Халықаралық симпозиум өткізілетін болды.
«Қазіргі таңда спортшылар арасында бәсекенің жоғары болуына байланысты допинг қолдану қауіпі де өсіп барады. Соның кесірінен спорттың моральдық-этикалық негіздеріне және қолданушының денсаулығына қатер төнуде», - деді А. Шевелов.
Осы себепті ЮНЕСКО бюросы мен 2017 жылғы Универсиада Дирекциясы допинг қолданудың алдын алу мақсатында бірлесе жұмыс атқаратын болып шешілді. Дирекеция басшылығы допингке қарсы күресте ЮНЕСКО-мен серіктес болуға дайын екендігін жеткізді. Бұл үшін алдағы уақытта ЮНЕСКО, ҚР Сыртқы істер Министрлігі, Алматы әкімдігі, Дирекция, FISU, Қазақстан Ұлттық Федерацияларының клубы өкілдерінен құралған арнайы топ жасақталады.
Келесі жиналыс 2016 жылдың 3-шілдесіне белгіленді.
Өз кезегінде Дирекция басшылығы ЮНЕСКО бастамасы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық ауқымымен сай келетіндігін мәлімдеді.