Юниорлар арасындағы IBU Кубогында Вадим Куралес үздік бестікке енді

АСТАНА. KAZINFORM – Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU Кубогының үшінші кезеңі аясында екінші спринт жарысы аяқталды.

биатлоншылар
Фото: ҚР Биатлоншылар одағы

ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін ерлер арасында 10 км спринтте биатлоншымыз Вадим Куралес 103 спортшының арасынан мәреге 5-ші болып жетті (+25.0; 2).

Алғашқы болып жеңіске австриялық Лукас Хаслингер (29:31.4;1) жетсе, екінші болып тағы бір Австрия биатлоншысы Давид Ноймайр (+20.2;1) үшінші болып неміс спортшысы Беньямин Менц келді (+20.9;2).

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Гребенщиков Егор 7-ші, Червенко Данил 16-шы, Афанасьев Артем 45-ші, Амурлаев Руслан 53-ші болып жарысты аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше қыздар арасында 10 шақырымдық спринтте қазақстандық биатлоншы Генева Милана 87 спортшының арасынан үздік ондыққа іліккенін жазған болатынбыз. Ол аталған қышықтықты +2:00.4; 1 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 6-шы болып кесіп өтті.

Соңғы жаңалықтар