15:57, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
«Южполиметалл» АҚ қаңтарда бірде-бір килә қорғасын өндірген жоқ
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Южполиметалл» өндірістік комбинаты АҚ қаңтар айында бірде-бір килә қорғасын өндірген жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Шымкент әкімдігінің өнеркәсіп бөлімінен хабарлады. Қаңтар айының қорытындысы бойынша кәсіпорын әкімдікке өндіріс ахуалы жөнінде мәлімет ұсынды. Оған сәйкес қорғасын зауыты қызметкерлерінің жартысынан көбі жұмыссыз қалды. Комбинаттың 1 946 жұмысшысының 825-і қысқартылған жұмыс кестесі бойынша еңбек етуде, ал 1 079 адам өндірістің тоқталуы салдарынан еңбекақысы сақталмай мәжбүрлі демалыста жүр. «Южполиметалл» қаңтарда бірде-бір килә қорғасын шығарған жоқ, бұл комбинаттың негізгі өндірісі болатын. Өндіріс көлемінің төмендеуі өткен жылы басталды. Комбинаттың өндірістік қуаты жылына 60 000 тонна қорғасын шығара алады. 2008 жылы зауыт барлығы 7 676 тонна қорғасын шығарды. 2007 жылы қорғасын өнімінің көлемі 19 025 тонна болған еді.