З. Балиева Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады
«Таңертең біз екі мектепте болдық. Олардың бірі - 600 орынға шақталған. Тағы бірі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Мектептер дер кезінде қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстары сапалы деңгейде жүргізіліп жатыр», - деді З. Балиева.
Ол сонымен қатар екі жазғы балалар лагерінде болды.
«Балардың демалысы өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл - «Ақ Бұлақ» және тағы бір спорт лагері. Қазір бұл лагерьлерге еліміздің батыс өңірлерінен 1,5 мың бала келді. Олар суға шомылып, бокспен және басқа да спорт түрлерімен айналысып, белсенді түрде демалып жатыр», - деді депутат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зағипа Балиева бүгін Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына келіп, жаңа №32-ші орта мектеп ғимаратының құрылысымен және Талғар қаласында №6 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.