Зағип қыздың жетелеуші итін ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу метросында белгісіз біреулер жер астында ән айтумен және Андрей Малаховтың бағдарламасында өнер көрсеткеннен кейін жұртқа танымалі болған зағип қыз Юлия Дьякованың жетелеуші итін ұрлап кетті.
None
None

Бұл оқиға шамамен кешкі сағат алтыларда «Профсоюзная» метросының маңында орын алды. Бұл туралы жапа шегушінің құрбысы Анна Архангельская айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Диана есімді ит жіпке байлаулы болған. Бірнеше рет бұлқынған итті иесі қайтып келер деп босатып жіберген. Кейін Юля оны шақыра бастаған. Біраз уақыттан соң жапа шегушіге бейтаныс қыз келіп, метродан бір әйелді жетелеуші итпен көргенін айтқан.

Кейін сол маңнан қаскөйлер тастап кеткен иттің қарғыбауы табылды. Сарапшылардың айтуынша, ұрлық себебі түсініксіз. Чип орнатылғанға қарамастан итті табу оңайға түспек емес, деп жазды Газета. Ру.

Соңғы жаңалықтар