Зағипа Балиева Талғар қаласында пластикалық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқығы жөніндегі Уәкіл Зағипа Балиева бүгін Алматы облысына жасаған іссапары барысында Талғар қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын «Керуен+» зауытының жұмысымен танысты.
None
None

«Бұл - жаңа, экологиялық жағынан таза өндіріс. Мұнда пластикалық пішіндер, терезенің табанша тақтайы, кәріз және су құбырлары шығарылады. Олар экологиялық жағынан таза өнімдер. Бала денсаулығына кері әсер етпейді. Өйткені олардың құрамында мырыш жоқ», - деді З. Балиева.

Ол сонымен қатар, бала құқығы жөніндегі Уәкіл ретінде өнімдердің сапасына жіті назар аударатындығын жеткізді.

Зауыт өкілінің айтуынша, зауытты жылына 2,5 мың тонна ПВХ-профиль, 100 тонна фитинг (құбырларды біріктіргіш бөлшек), 500 тонна кәріз және су құбырлары шығарылды.

Зауытта барлығы 65 адам жұмыс істейді. Қосымша келісімшарт бойынша 120 шақты адам жұмысқа қабылданады.

Соңғы жаңалықтар