Зағипа Балиева таяуда Алматы облысында әжетханадан табылып, ауруханаға жатқызылған нәрестенің хал-жайын білді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,Қазақстан Республикасындағы бала құқығы жөніндегі Уәкіл Зағипа Балиева бүгін Алматы облысына жасаған іссапары барысында журналистерге таяуда Алматы облысында әжетханадан табылып, ауруханаға жатқызылған нәрестенің хал-жайын білгендігін айтты.
None
None

«Нәрестені кеше барып көрдік. Ахуалы жақсы. Өзін жақсы сезінеді. Алғашында ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бірақ, қазір жағдайы өте жақсы. Біз келгенде ұйықтап жатыр екен. Қолыма алайын деп едім, бірақ оянып кете ме деп алмадым. Салмағы - 5,5 келі. Бойы - 52 сантиметр. Мерзіміне жетіп туылған ғой. Аппақ, сүп-сүйкімді сәби», - деді З. Бәлиева. 

Оның айтуынша, сәби қазір Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі ауруханада жатыр.

«Мен балалар құқығы жөніндегі Уәкіл ретінде қараусыз қалған балаларды өз қамқорлығыма алдым. Мен енді барлығының хал-жағдайларын біліп тұратын боламын», - деді сөз соңында З. Бәлиева.  

Естеріңізге сала кетелік, баспасөз құралдарында хабарланғанындай, жаңа туған нәресте Алматы облысы Іле ауданының Ақши кентінде жеке үйдің әжетханасынан табылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар