Заманауи байланыс қызметі ауылдарға жетіп отыр - Елбасы сапары

Қ.Есекеев, Мемлекет басшысына аталмыш жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде ауылдық жерлердегі байланыс қызметіне деген дефициттің толық жойылатынын мәлім етті. Және Президентке «Қазақтелекомның» ауылдық жерлердегі жаңа байланыс қызметінің шағын көрмесін таныстырды. Құрылып отырған сымсыз байланыс желісі ауыл мен қала тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздік проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта өңірде серпімді жобалардың қатарына кіретін және «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан сымсыз байланыс желісін орнату жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Қостанай облысында Интернет желісіне кеңтарамды қосылу қызметін көрсетудің ілкі жобасы үш ауданда, атап айтқанда, Қостанай, Меңдіқара және Сарыкөл аудандарында жүзеге асырылуда.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ауылдарын замана талабына бейімдеп, оларды жоғары технологиялармен жарақтауға мүмкіндік беріп отырған жаңа заманауи жобалардың жүзеге асырылуына жоғары баға берді.