Заманауи қосалқы электр стансаларын қашықтықтан басқаруға болады - Ғ. Сәлімжуаров

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Заманауи қосалқы электр стансаларын қашықтықтан интернетпен планшеттер арқылы басқара беруге болады. Бұл туралы бүгін Алматыда БАҚ өкілдері үшін қаладағы энергия кешендері бойынша жасалған көшпелі жиын барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының мүшесі, «Тарату және өткізу» дивизионы директоры Ғани Сәлімжуаров мәлімдеді.
None
None

«Қуаты 120 МВА (мегаваттампер) асатын заманауи қосалқы электр стансалары Қазақстанда 2010 жылдан бастап салына бастады. Олар жабық типті болып келеді. Көп елдерде енді ғана қолға алынып жатыр. Оларды сырттай қарасаң, электр стансасы деп ойламайсың. Жәй, кішігірім ғана екі қабатты ғимарат секілді. Мұнда барлық жұмыс автоматты түрде орталық диспетчерлік пункт арқылы жүзеге асырылады. Қаланың бүкіл бір ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын мұндай стансаны мысалы Астанада отырып-ақ, планшет интернет арқылы басқара беруге болады», - деді өз сөзінде Ғ. Сәлімжуаров. Осындай электр стансаларының бірі биыл қолданысқа берілген, қуаты 126 МВА болатын жабық типтегі «Есентай» қосалқы стансасы. «Бұл стансаны іске қосу арқылы қаланың орталық бөлігінде тұратын тұтынушыларды электр энергиясымен қамтасыз етуге болады. Бұл жабық типтегі станса болғандықтан, қаланың эстетикалық көрінісімен жақсы үйлеседі және электр өрісінің ыпалын азайтады. Бұл стансада элегаздық таратау желісі орнатылған. Кеңес заманында мұндай стансалар қазіргі көлемінен 15-20 есе үлкен болатын. Мұндай тарату желісі қалада 12 жаңа қосалқы стансада орнатылған. «Есентай» қосалқы стансын салуға 2,8 млрд. теңге жұмсалды» - деді «Алатау жарық компаниясы» АҚ күрделі құрылыс жұмыстары бойынша басқарушы директоры Александр Кац.

Соңғы жаңалықтар