Заманауи медицина: ауыр дерттен кейінгі оңалту қалай жүргізіледі

Дәрігерлердің күні қарбаласқа толы, өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқару үшін науқастарға тиісті ем қолданады, қажет болған жағдайда ота жасап, сырқаттар толық аяғына тұрып кетпейінше бақылауына алады. Ауыр дерттен кейін қалпына келтіру емі мен оңалтудың да маңызы зор. Ал оны тиімді жүзеге асыруға бүгінде заманауи техника мен жаңа технологиялар көмекке келген. Kazinform агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы қалпына келтіру емі және оңалту орталығының басшысы Мәдинат Жүнісованы әңгімеге тартып, осы саладағы жаңашылдықтар жайында білді.

руководителем Центра восстановительного лечения и реабилитации БМЦ УДП  РК Мадинат Жунусовой
Фото: ҚР ПІБ

- Орталықта қандай науқастар оңалтудан өтеді?

- Біздің орталыққа науқастар түрлі мамандардың жолдамасы бойынша аурулардан, жарақаттардан және оталардан кейін түседі. Оңалту 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: кардиология және кардиохирургия, травматология және ортопедия, неврология және нейрохирургия. Оңалту 3 кезең бойынша өтеді. Оңалтудың әртүрлі кезеңдеріне іріктеу дерттің ауырлығына және реабилитация әлеуетінің мөлшеріне байланысты. Ерте оңалтудың 1-2 аптасынан кейін (бірінші кезең) компенсация мен оңалту әлеуетінің дәрежесі бағаланады, осы арқылы науқас оңалтудың келесі кезеңдеріне ауыстырылады. Ауру басталғаннан кейін 2 аптадан соң оңалту әлеуетін анықтау оның мөлшерін дәл бағалауға мүмкіндік бере бермейді, бірақ оның барлығын көрсетеді, басты белгісі - неврологиялық, кардиологиялық, травматологиялық тапшылықты қалпына келтіруді ерте бастау. Бұзылған функциялардың кері дамуының алғашқы белгілері неғұрлым ертерек пайда болса және олардың қарқыны неғұрлым тез болса, функцияны қалпына келтіру мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Стационарлық 2-кезеңге науқастар аурудан немесе жүргізілген отадан кейінгі алғашқы 6 ай ішінде, 3-кезеңге 6 айдан кейін жіберіледі және үш жыл бойы жылына екі рет амбулаториялық оңалту кезеңінен өтіп тұрады.

- Дәрігерлерге тоқталар болсақ, жалпы орталықта қанша қызметкер бар?

- Біздің ұжымда 120-дан астам адам еңбек етеді, олардың ішінде реабилитологтер, инерефлексотерапевтер, мануалды терапевтер, дерматокосметолог, психотерапевт, логопед, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевт, физиомедбикелер, массажистер бар. Біздің дәрігерлер Кореяда, Германияда, Ресейде және Израильде оқып, білімдерін шыңдады, бұл олардың Қазақстанның басқа қалаларының мамандарымен тәжірибе бөлісуіне мүмкіндік береді. Біздің басшылық барлық мамандардың, соның ішінде оңалту дәрігерлерінің көшпелі шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Мысалы, қазір бірінші топ Атырау қаласында неврологиялық сырқаттардың PNF-әдістемесі бойынша дәріс оқып жатыр, бұдан әрі пульмонология мен кардиологияда оңалтуды оқыту жоспарланған.

Больница Медицинского Центра УДП РК
Фото: ҚР ПІБ

- Қалпына келтіру және оңалту орталығының басқа ауруханалардың бөлімшелерінен артықшылықтары мен ерекшеліктерін тізіп беріңізші...

- ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының қалпына келтіру емі және оңалту орталығы бірнеше бөлімшеден тұрады: физиотерапия, емдік дене шынықтыру, шығыс медицинасы орталығы, су-жылу емі және терапевтік блокты оңалту секторы. Орталық қаланың басқа клиникаларынан ерекше, өйткені біз өз жұмысымызда әлемдік өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен ұштастыра отырып озық технологияларды қолданамыз, соның ішінде «Локомат» роботтандырылған кешені, гравитацияға қарсы жүгіру жолағы, жоғары қарқынды лазер және жоғары қарқынды магнит, криосауна, «Amadeo» биологиялық кері байланысы бар қолдың ұсақ моторикасын қалпына келтіруге арналған роботтандырылған аппарат және тағы басқалар.

реабилитация в БМЦ
Фото: ҚР ПІБ

Біз орталықтың қызметкерлерімен бірге невропатологтер, кардиологтер, травматологтер, нейрохирургтер, кардиохирургтер және басқа да мамандар бар терапевтік және хирургиялық бейіндегі мультидисциплинарлы топта жұмыс істейміз. Бұл көпсалалы тәсіл науқастарды оңалтуда тиімділік пен қалпына келтіру мүмкіндігін арттырады.

реабилитация в БМЦ
Фото: ҚР ПІБ

- Сіздің кәсіби жолыңызға тоқталсақ...

- Менің Президенттің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасындағы еңбек жолым 2002 жылы дерматокосметолог дәрігер ретінде басталды. 2015 жылы медициналық оңалту бойынша қайта даярлаудан өтіп, емдік дене шынықтыру және косметология бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстым. 2018 жылы оңалту қызметінің жұмысын күшейту үшін біздің басшылық физиотерапия және шығыс терапиясы, емдік дене шынықтыру, косметология және су-жылу емі бөлімшесін қалпына келтіру емі және оңалту орталығына біріктіру туралы шешім қабылдады. Маған Орталықты басқару сеніп тапсырылды.

реабилитация в БМЦ
Фото: ҚР ПІБ

Содан бері біз бір орында тұрған жоқпыз, осы жеті жыл ішінде үнемі дамып, қызмет көрсету аясын кеңейтіп келеміз. Ұжымымыз жас мамандармен - реабилитолог-дәрігерлермен, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларымен толықты, сондай-ақ кәсіби эрготерапия маманы, логопед-нейропсихолог, психотерапевт жұмысқа қабылданды, бұл оңалту қызметтерін көбейтуге және науқастарымыздың қалпына келу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде мүддесі бір кәсіби ұжым құрылды, мақсатымыз – пациенттерімізді аяқтарына тұрғызып, күнделікті өмірге қайтару. Қазіргі уақытта медициналық оңалтуға деген көзқарас өзгерген, медицинаның осы бағытының маңыздылығы туралы түсінік пайда болғаны қуантады.

- Әңгімеңізге рахмет!

Соңғы жаңалықтар