Заң және тәртіп: Астанада вандализмге қарсы рейд басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қарсы жаппай рейд басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Заң және тәртіп: Астанада вандализмге қарсы рейд басталды
Фото: Астана әкімдігі

Әсіресе скейтбордшылар, велосипедшілер мен BMX-райдерлер жиналатын орындарға ерекше көңіл бөлінді.

– Біз жұртпен сөйлесіп, бөтеннің немесе коммуналдық мүлікті бүлдіргені, жойғаны үшін жауапкершілік бар екенін түсіндірдік, - деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дамир Хисматуллин.

Сондай-ақ рейд қатысушылары «Шапағат» базары маңындағы аумаққа барып, тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау шараларын жүргізді.

Заң және тәртіп: Астанада вандализмге қарсы рейд басталды
Фото: Астана әкімдігі

Топ құрамында шамамен 30 адам болды. Олардың қатарында еріктілер, қоғам белсенділері, блогерлер мен спортшылар бар.

Шақырылғандар арасында Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек, театр және кино актері Асылхан Төлепов және блогер Тимур Асылханов болды.

Рейдтің негізгі мақсаты – алдын алу және ескерту.

– Бұл рейдтер «Заң және тәртіп» аясында жүргізілуде. Бұл – қоғамдық көзқараста ерекше орын алуы тиіс қағида. Заң – қоғамда тәртіп орнату үшін қажет. Біз құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын жүзеге асыру үшін шаралар қабылдауымыз керек. Тазалық пен қауіпсіздікті қалайтын әр азамат әлеуметтік нормаларды сақтауы тиіс, - деді Дамир Хисматуллин.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқу орындарында тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ мәдени және спорттық іс-шаралар қатысушыларына құқықбұзушылыққа жол берілмейтіні туралы ақпарат береді.

Ерекше назар есірткі жарнамалайтые граффити жазуларын бояуға және көшедегі тәртіпті сақтауға аударылып отыр.

Айта кетейік, рейд Сарыарқа ауданында өтті, Астананың барлық ауданында күнделікті рейдтер өткізіледі. Барлық құқықбұзушыға айыппұл немесе қамауға алу түрінде шара қолданылады.

Соңғы жаңалықтар