Заң жобасын жасаушылар Конституция талаптарын әрдайым сақтай бермейді — Әзімова

конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық талаптар мен қағидаттарды норма шығару процесінің қатысушылары әрдайым сақтай бермейді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

«Конституциялық сот өз шешімдерінде шектеу шараларының негіздері мен шегі Конституцияның отыз тоғызыншы бабы бірінші-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Оған сәйкес „адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін“. Адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген заңнамалық шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға сай болуға және әділдік, пропорционалдылық және мөлшерлестік талаптарына сай келуге тиіс», — деді Эльвира Әзімова.

Оның атап өтуінше, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және өзге де ықпал ету шаралары, олардың салдарының сипаты жасалған құқық бұзушылық ауырлығына сәйкес келуге, сондай-ақ нысана тұрғысынан өзара байланысты, әртүрлі салаға тиесілі нормалар өзара сәйкес болуы тиіс.

«Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қарай анықталады. Өкінішке орай конституциялық талаптар мен қағидаттарды норма шығару процесінің қатысушылары әрдайым сақтай бермейді», — дейді Конституциялық сот төрағасы.

Соңғы жаңалықтар