Заң жобасы Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ахуалын жақсартуға жол ашады

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заң жобасы келіп түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл заң жобасы Қазақстанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатын көздейді. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпыұлттық жоспарын орындау мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта Қазақстанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы қаңтардың 27-сінде қабылданған заңмен, 1995 жылғы маусымның 28-індегі «Мұнай туралы» заңмен, 2005 жылғы шілденің 8-індегі «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу туралы келісімдер туралы» заңмен реттеледі.Үкіметтің жаңа заң жобасына берген түсіндірмесінде қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және «Мұнай туралы» заңдардың ережелері жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін толыққанды түрде реттемейтіні және көп жағдайларда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің басым санына сілтемелік нормаларды қамтитыны атап өтілген.Сондықтан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» бірыңғай заңын қабылдау арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру талап етіледі. Жаңа заң жобасы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдету мен оларды қарау мерзімдерін, рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқартуды көздейді.Мемлекеттің басым құқығын іске асыру және жер қойнауын пайдалану құқығын немесе жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесін иеліктен айыруға рұқсат беру рәсімдерін егжей-тегжейлі реттеу мақсатын ұстанған. Сондай-ақ мәжбүрлі тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату рәсімдерін анықтау ұсынылған. Конкурстық негізде және тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін белгілеуді де қарастырып отыр.Құзыретті органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен олардың іс-қимылы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың қолданылуын жаңғырту тәртібін енгізуді, мұнай операцияларын жүргізуді реттейтін құқықтық нормаларды жүйелеуді, Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудағы келісім-шарт моделі ретінде өнімді бөлу туралы келісімдерді жоюды көздейді.Заң жобасын қабылдау Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ахуалын жақсартады деп күтіліп отыр.Заң жобасы 15 тараудан тұрады. Бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне жүктелген. Ұсынылып отырған заң жобасы оны іске асыруға байланысты қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Соңғы жаңалықтар