Заңдарды қазақ тілінде дұрыс қолдануды енгізбекпіз – сарапшы
Елімізде заң жобаларын қазақ тілінде дұрыс қолданудың әдісі енгізілмек, деп хабарлайды Kazinform.

«Заң жобаларын жазуда және дайындауда қазақ терминологиясын дұрыс қолдану бойынша проблема бар. Әсіресе мұрағат тақырыбына келгенде іс ақсайды», — деді парламентаризм институты орталығының басшысы Шолпан Саймова елордада өтіп жатқан «Заң шығару процесін жетілдіру» атты дөңгелек үстелде.
Сарапшының айтуынша, қарапайым азаматтың ана тілінде заңдарды оқуда қиындықтар бар.
«Терминдер әртүрлі немесе сапасыз аударылады. Қазір бұл өте маңызды мәселе. Осы орайда заңдарды қазақ тілінде дұрыс қолдануды енгізуді ұсынбақпыз», — деді ол.
Бұған дейін Әділет министрі Азамат Есқараев нормативтік құқықтық акт жобаларының жоғары сапасын және қолдану практикасының маңызы туралы баяндаған еді.
Астанада «Азаматтық қоғам мен парламентшілердің заң шығару саласындағы ынтымақтастық форматтары туралы диалогі» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.