Заңдастыру акциясы барысында 87 мүлік жария болды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін елімізде Мүлікті жария ету (заңдастыру) акциясы өтуде. Осы орайда облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев журналистерге арнап өткізілген брифингте, мүлікті жария ету мен жекешелендіруге қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндіріп берді.
None
None

«Жалпы, өтініштің қаралу мерзіміне келсек, жария ету мерзімі ішінде берілген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініш комиссияға, салық органына берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Жария ету науқанының басталғанына 3 айдан астам уақыт өтті. Республиканың басқа өңірлеріндегідей біздің облысымыздың тұрғындары тарапынан да бұл науқанға қызығушылық жоғары. Үстіміздегі жылдың 8 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыс бойынша 193 жылжымайтын мүлікті жария ету жөнінде 171 өтініш келіп түскен. Келген өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 667,8 млн. теңге құраған. Басқа облыстарға қарағанда, облыс бойынша жария етілген мүліктердің саны бүгінгі күнге, алдыңғы қатарда. Атап айтқанда, 81 өтініш бойынша 87 мүлік жария етілген. Жалпы тұрғындар көбіне тұрғын үйлерін жария етуге өтініш беруде»,-деді басқарма басшысы.

Ал жекешелендіру мәселесіне келсек: «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген жекешелендірудің екінші толқынын іске асыру тапсырмасына сәйкес, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасалып, онда жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компаниялар мен стратегиялық емес сипаттағы өзгеде ұйымдарды жекешелендіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыстары басталған болатын. Биылғы жылға жекешелендіруге шығарылатын 1-кәсіпорын, ол - Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорынды жекешелендіру жөніндегі коммерциялық тендер үстіміздегі жылдың 23 желтоқсанында өткізіледі. Мұнан бөлек, 2015 жылы тағы бір нысан - «Қызылорда облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» кәсіпорны жекешелендірілуге шығарылады. Қалған 4 кәсіпорынды жекешелендіру 2016 жылы жүзеге асатын болады», - деді Талғат Жақыпбаев.

Соңғы жаңалықтар