Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады.

Заңғар Нұрланұлы
Фото: ҚТФ

Биыл жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында азулы қарсыластарын ұтып, алғаш рет жартылай финалға дейін жеткен Заңғар Нұрланұлы рейтингіде жоғарылады.

Заңғар осыған дейін 54-орында тұрса, енді бірден 29 сатыға көтеріліп, әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді. 

Тағы бір қазақстандық Әмір Омарханов 28-орнын сақтаса, Дамир Жалғасбай ТОП-50-ге жақындап келеді. Ол қазір 65-сатыға жайғасты.

Сондай-ақ Даниэль Тазабеков 122-орында тұр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Қытайдағы челленджер жарысына жолдама алғанын жазған едік. 

Жібек бұл турнирде алғашқы айналымда әлемнің 132-інші, осы доданың 2-ракеткасы, тайбэйлік Джоанна Гарландқа тап келіп, 4:6, 1:6 есебімен жол берді.
Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

Соңғы жаңалықтар