Заңнамаға «ұлттық цифрлық объект» ұғымы енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда eGov сияқты мемлекеттік цифрлық жүйе мен халыққа электронды негізде қызмет көрсететін платформаларға «ұлттық объект» мәртебесін берілуі мүмкін. Бұл аталған цифрлық активтердің жеке меншікке, басқа елге сатылып кетуінен, иелігіне өтіп кетуден қорғайды. 

Екатерина Смышляева
Фото: Екатерина Смышляеваның жеке мұрағатынан

Бұл туралы Мәжіліс мінберінен Цифрлық кодекс жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева айтты.

— Елімізде алғаш рет иеліктен шығаруға жатпайтын және елдің цифрлық егемендігінің негізін құрайтын ұлттық цифрлық объектілер ұғымы бекітілмекші, — деді ол.

Кодекс жобасы кез келген мемлекеттік немесе ірі цифрлық жүйенің жұмыс сапасын үш түрлі тексеру арқылы қадағалап отыруды көздейді. Олар:

— Функционалдық аудит. Бұл тексеру цифрлық жүйенің о баста құрылған мақсатына қаншалықты сай жұмыс істеп тұрғанын тексереді.

— Киберқауіпсіздік аудиті — жүйенің хакерлер шабуылына төзімділігін, деректердің қорғалуын тексереді.

— Реттеуші аудит — жүйедегі процестердің Цифрлық кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды.

Айта кету керек, осы кодексті қабылдау арқылы цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындау ұсынылып отыр

Соңғы жаңалықтар