Заңның орындалмауына атқарушы билік кінәлі - Қ. Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңның орындалмауына атқарушы билік кінәлі. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында аталған комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов білдірді.
None
None

«Қазіргі уақытта бізде қабылданып жатқан көптеген жақсы заңдар неге орындалмай жатыр? Оның орындалмауына атқарушы билік кінәлі. Жаман заң қабылдап жатқан жоқпыз. Заңды орындай алмай, заңмен өмір сүре алмай жатырмыз»,- деді ол.

Қ.Сұлтановтың атап өтуінше, азаматтық қоғамның санасын, білімін өсіру қажет. Ал сана сенімнің өсіп-өркендеуі нәтижесінде қоғам өздігінен мәдениеттеніп, ізгіленетін болады.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыста ҚР Ішкі істер министрлігінің сотталғандардың конституциялық құқықтарын және оларды түзеу мекемелерінде ұстауды қамтамасыз етудегі қызметі туралы мәселелер кеңінен талқыланды. Аталған мәселе бойынша Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.

Комиссия отырысында түзету мекемелерінде отырған адамдардың санын барынша азайтудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыға түсті.

Соңғы жаңалықтар