19:43, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Заңсыз 11,9 млн. теңге пайда тапқан жеке кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ОРАЛ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК 190-бабы 2-бөліміне заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан жеке кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, кәсіпкер мемлекеттік лицензиясы болмаса да, өзіне тиесілі автомай құю стансысында бензин, дизельді отын сатқан. Сөйтіп 11,9 млн. теңге заңсыз пайда тапқан.