Заңсыз акциялар: Ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірқатар аймақтарында заңсыз акциялар өтті. Салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз акциялар: Ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақат алды

«Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалғаны туралы толық ақпарат берілген болатын.