Заңсыз аң атқан 3 прокурор ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық прокуратурасының 3 лауазымды қызметкері ұсталды. Бұл жайында ҚазАқпарат еліміздің Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік жағдайын асыра пайдаланды және заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен Ақмола облысы прокуратурасының үш жауапты қызметкерін ұстады»,-  делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның атап өтуінше, қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау және бекіту бойынша қажетті тергеу әрекеттерінің барлық кешені жүргізілуде.  

Егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ тергеп-тексерудің барысы БАҚ-та жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар