20:31, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Заңсыз бұлан аулап, мемлекетке 300 мың теңгеден астам шығын келтірді - ШҚО
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысының Зырян қалалық ішкі істер бөлімінің Табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция қызметкерлері заңсыз бұлан аулау фактісіне байланысты қылмыстың бетін ашты,
деп хабарлады ШҚО ІІД ТҚжВПБ бастығы, полиция полковнигі Батырхан Сүлейменов.
Ұсталған екі азамат 1978 және 1967 жылы туған, Парыгино ауылының тұрғындары. Олардың сондағы жергілікті шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істейтіндері анықталды. Құқық бұзушылар бұл заңсыз әрекеттерін бұлан мекендеген Погорелка өзенінің жағасына тұзақ құру арқылы іске асырған. Осы әрекеттерімен ірі бұланды ұстап, мемлекетке 300 мыңнан астам теңгенің көлемінде шығын келтірді.
Полицейлер құрбан болған аңның басы мен 2 аяғын дәлел ретінде алып, қылмыстық іс қозғау мәселелерін қарастыруда.