Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов

«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», - деді министр.

Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады.

«Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», - деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.